Алматы-Қапшағай тас жолында дельтаплан құлады
Алматы-Қапшағай тас жолында дельтаплан құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Алматы-Қапшағай тас жолына құлаған дельтапланның суреттері мен бейнежазбалары жарияланған болатын.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, дельтаплан жолға қарай ұшып, тоқтар мен сымдарға ілініп, жерге құлаған. Оқиға ескі полиция бекетінің жанында орын алды.
Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, қазіргі таңда істің Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына өткені туралы айтып берді.
Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы нақты деректер жоқ.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін