Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы Іле өзеніне батып кетті
Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергенов Іле өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Серікбай Төлепбергенов Миалы ауылының маңындағы Іле өзенінің суына батып кеткен.
"Өкінішке орай Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергеновтың Іле өзені аумағында суға батып кеткені рас. Жазатайым жағдай болды. Ақпаратты растаймыз. Әлі нақты деректер жоқ", - аудандық соттың баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда жағдайдың нақты қалай болғанына қатысты нақты ақпарат жоқ.
Серікбай Алдабергенұлы Төлепбергенов 1967 жылы қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген.
Әр жылдары Шымкент қалалық сотының, Қазығұрт аудандық сотының төрағасы болған.
2017 жылдың маусымынан бастап Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы болды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр