Алматы әкімі не себепті көрінбей кетті
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев осымен үшінші ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бақытжан Әбдірұлы сырқатына байланысты осымен үшінші күн демалыста. Таңертең процедурасы болғандықтан, іс-шараға қатыса алмады. Әкім іріңді ангинамен ауырып жатыр. Дене қызуы бар. Сағат 16:00-де әкімдермен кездесуге онлайн қатысып қалуы мүмкін", – деді Мұқажанов.
Бүгін Бақытжан Сағынтаев Алматыда өтіп жатқан инвестициялық форумға қатыспағаны белгілі болды. Оның орнына шарада орынбасары Мұхит Әзірбаев сөз сөйледі.
Almaty Investment Forum — жыл сайынғы инвестициялық форум. Іс-шара кәсіпкерлікті дамыту және қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелерін талқылауға арналған. Форумға әртүрлі елдердің өкілдері қатысады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды