Алматы - Талдықорған тас жолында жас спортшылар отырған автобус өртеніп кетті (видео)
Жол-көлік оқиғасы Көксу ауданы Айнабұлақ ауылының маңында Талдықорғаннан 50 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, жас футболшылар отырған автобус сиырмен соқтығысқан. Салдарынан көлік өртеніп кеткен. Абырой болғанда жолаушылардың барлығы көліктен шығып үлгерген.
Апатқа себеп болған малдың иесі кім екені әзірге белгісіз. Сонымен қатар жас спортшыларды тәртіп сақшылары неліктен бірге алып жүрмеді деген де сұрақ туындайды.
- Жамбыл облысында 200-ге жуық тұрғын өртеніп кете жаздады
- Түркістан облысында Ресейден келе жатқан ауыр жүк көлігі өртенді
Оқиғаның жай-жапсарына байланысты полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірге түсінік берген жоқ.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан