Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінде Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.

Ол турнирдің бірінші күнінде қазақ балуандарының сәтсіз финалдық белдесулерінің сериясын бұзып үлгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
130 келі салмақ дәрежесінде Әлімхан Сыздықов финалда корей балуаны Ким Мен Сокты таза жеңді. Осылайша Әлімхан қазақстандық "палуан-классиктердің" қазынасына алғашқы алтынды салды. Оның алдында үш қазақстандық спортшы финалдық белдесуде жеңіліп қалды. Күміс медаль Аманғали Бекболатов, Мейрамбек Айнағұлов және Мақсат Ережеповке бұйырды.
Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының қазынасы да бір қола медальмен толықты. Оны қырғызстандық Меліс Айтбековтен басым түскен Нұрсұлтан Тұрсынов иеленді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты