Альфа-Банк Қазақстан: Барлық шоттар бойынша төлем жасауға кепілдік береміз
Альфа-Банк Қазақстан басқарушы директоры Андрей Тимченко ағымдағы жағдайды жақсарту және тұрақтандыру үшін банктің қандай шаралар қолданып жатқандығы туралы ресми мәлімдеме жасады.

Естеріңізге сала кетсек, 6 сәуірде Альфа-Банк АҚШ санкцияларына ұшырады. Осыған байланысты банктің көптеген қызметтері шектелді және қолма-қол ақшаны алу және аудару бойынша лимиттер енгізілді.
Альфа серіктестер мен клиенттердің мәселелерін жылдам шешу үшін қандай шаралар қабылдауда?
1. Несие портфелін сату туралы басқа банктермен келіссөздер жүргізілуде.
2. Жаңа инвесторларды іздестіруде, акционерлерді ауыстыру жоспарлануда.
Бұл транзакциялар бойынша белгіленген лимиттерді алып тастау мен банктің барлық сервистерін қалпына келтіру туралы мәселені тезірек шешуге көмектеседі.
Андрей Тимченко акция мен несие портфелін сатып алуға мүдделі тұлғалар көп екенін атап өтті. Тілек білдірушілер тізімінде жергілікті және шетел өкілдері бар.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”