Әлемдік рейтингте үздік бестікке кірген Сұлтан Зауырбек бұрынғы әлем чемпионымен жұдырықтасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы болған боксшымен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Wassermanboxing
Жеңілістің дәмін татпаған кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (17-0,12КО) 14 маусым күні, Ұлыбританияның Лондон қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді. Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыз IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған Джеймс Диккенске (32-5, 12КО) қарсы шығады. Гильермо Ригондо, Кид Галахад, Райан Уолш сынды мықтылармен қолғап түйістірген Джеймс Сұлтанның мансабындағы ең қиын қарсыластардың бірі болмақ. Отандасымыз жеңіске жеткен жағдайда чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізуге бір қадам жақындайды.
Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек соңғы жекпе-жегінде колумбиялық Виктор Хулионы (17-11) төрешілер шешімімен ұтқан еді. Ол Англияда әлемнің даңқты боксшысы Энтони Джошуамен бірге дайындалады.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті

