Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі коронавирус: 25 мамырдағы таңертеңгі жағдай

25 мамыр күні таңертең әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 5,4 миллионнан асты. Мұны Джон Хопкинс университетінің жобасынан алынған деректер дәлелдейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Университеттің мәліметі бойынша, COVID-19-бен әлемде 5406537 адам ауырды, 345036 науқас инфекцияның құрбанына айналды, тағы 2168528 адам айықты.

Инфекция жұқтырған адамдар саны бойынша алғашқы ондыққа мына елдер кіреді:

АҚШ - 1643098 жұқтырды, 97698 адам көз жұмды,

Бразилия - 363211 ауру жұқтырды, 22666 адам көз жұмды,

Ресей - 344481 жұқтырды, 3541 адам көз жұмды,

Ұлыбритания - 260916 ауру жұқтырды, 36875 көз жұмды,

Испания - 235772 жұқтырды, 28752 көз жұмды,

Италия - 229858 жұқтырды, 32785 көз жұмды,

Франция - 182709 жұқтырды, 28370 көз жұмды,

Германия - 180328 жұқтырды, 8283 көз жұмды,

Түркия - 156827 жұқтырды, 4340 көз жұмды,

Үндістан - 138536 жұқтырды, 4024 көз жұмды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус туралы басқа статистиканы ұсынады. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқпасын жұқтырғандар саны 5206614-ке жетті, 337736 адам көз жұмды. Бір күнде әлемде 109885 жаңа инфекция оқиғасы тіркелді. Инфекциялардың көпшілігі Америкада тіркелген - 2338124.

Қазақстанда 8531 адам коронавирус жұқтырды. 

Талқылау