Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде темекі шегіп көрмеген адамдар арасында өкпе рагы диагнозы көбейіп келеді

Ғалымдар ешқашан темекі шегіп көрмеген адамдарға өкпенің қатерлі ісігі диагнозы көбірек қойылғанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  The Lancet Respiratory  Medicine журналына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Krunja | Shutterstock

Халықаралық қатерлі ісіктерді зерттеу агенттігінің мәліметінше, ауаның ластануы – осы тенденцияның негізгі факторларының бірі. 

2022 жылы өкпенің қатерлі ісігінің ең көп таралған түрі аденокарциноманың 200 мыңға жуық жағдайы ауаның ластануымен байланысты болды. Ешқашан шылым шегіп көрмеген адамдарда өкпе рагы қатерлі ісік өлімінің бесінші себебі болып отыр. Өкпе рагы жағдайларының 70%-ына тең аденокарцинома ерлерде де, әйелдерде кездесетін ауру ретінде танылды. 2022 жылы өкпе рагы ерлерде 45,6%, әйелдерде 59,7% болды. 

"Темекі шегу деңгейі төмендеген сайын, әсіресе Ұлыбритания мен АҚШ елдерінде ешқашан темекі тартпаған адамдар арасында өкпе ісігінің үлесі артып келеді", – деді доктор Фредди Брей. 

Ауаның ластануы Шығыс Азиядағы адамдарға, оның ішінде ауаның ластануымен байланысты аденокарциноманың ең көп саны бар Қытайға қатты әсер етеді. Дегенмен бұл жағдай әлемнің басқа аймақтары үшін де өзекті.

Мамандар әйелдерді созылмалы жөтел немесе ентігу сияқты өкпе ісігінің белгілеріне сақтықпен қарауға және жүйелі түрде скринингтік тексеруден өтуге шақырады. Сондай-ақ олар қоршаған ортаны лас ауадан тазартып, темекі тұтынуды бақылау үшін стратегия әзірлеу керегін айтты.

Талқылау