Әлем бойынша азық-түлік бағасы тарихи рекордқа дейін қымбаттады
Әлемде азық-түлік бағасының индексі 12,6 пайызға өсіп, тарихи рекорд орнатты. Бұл туралы БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы сайтында жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл өсімдік майларының, астықтың, еттің, қант пен сүт өнімдері бағасының рекордты көрсеткішке дейін көтерілуімен байланысты болып отыр.
Астық құнының индексі наурыз айында 17,1 пайызға жоғарылады. Ол Украинадағы соғыстың салдарынан бидай мен жем-шөп құнының өсуімен байланысты.
Ал бидай бағасы бір ай ішінде 19,7 пайызға, жүгерінікі — 19,1 пайызға өсті (рекордты көрсеткіш). Өсімдік майлары құнының индексі - 23,2 пайызға, қант — 6,7 пайызға, ет - 4,8 пайызға ал сүт өнімдері - 2,6 пайызға артты.
Ақпан айында еурозонадағы тұтынушылық бағалар жылдық есеппен 5,8 пайызға көтерілді. Бұл қаңтар айындағы көрсеткішті (5,1 пайыз) жаңалады.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды