Алакөлде гидроцикл мінген әйел ер азаматты қағып өлтірді
Шығыс Қазақстан облысында Алакөл демалыс орнында гидроцикл үрлемелі матрасқа соғылып, салдарынан 40 жастағы азамат көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 тамыз күні болған. 27 жастағы әйел қауіпсіздік ережесін бұзып, рульді басқара алмай гидроциклмен адамды қаққан.
“40 жастағы семейлік азамат сол жерде бірден жантәсілім етті. Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады”, – делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі таңда іс бойынша сараптамалар тағайындалған.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді
Желі қолданушылардың бірі Зейнел Әділеттің жаңа әйелі марқұмның жақын араласқан құрбысы екенін айтады
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды