Ақтөбеде жалғызбасты әке аналары тастап кеткен екі баласын «шариғат бойынша қатаң» тәрбиелеймін дейді
Анасы бес жыл бұрын кәмелеттік жасқа толмаған екі баласын бұрынғы күйеуіне тастап, қалаға кетіп қалған. Ал әкесі балаларын жалғыз өзі шариғат бойынша қатаң тәрбиелейтінін мәлімдеді.
Бұл туралы Rikatv.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Қазір әкесінің тәрбесін алып жатқан балалар анасын көрмегелі бес жыл болды. Көкек ана 2013 жылы балаларын тастап, үйден кетіп қалған. Қазір отбасы Заречный полиция бөлімінің офицерлерінің назарына ілінді. Балалар әкесімен бірге 12 шаршы метрлік кішкентай бөлмеде, ешқандай қолайлы жағдайсыз өмір сүруде. Бүгінде қолайсыз жағдайда тұратын отбасы жалғызбасты әкенің 50 мың теңге жалақысына күн көріп отыр.
Балалары тар бөлмеде, қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқанда көкек ана қалада өз жағдайын жасап, хабарсыз кеткен. 34 жастағы әйел полициямен кездесуге келмеді. Балаларының өміріне алаңдамайтын ана, тіпті олардың қай мектепте оқитынын да білмейді. Заречный полиция бөлімінің назарына ілінген 34 жастағы әйелдің үстінен 127 бап бойынша әкімшілік іс қозғалады.
Ал әкесі, өз кезегінде, балаларын шариғат бойынша қатаң түрде тәрбиелейтінін айтып, кепілдендірді. Бүгінде әкелерінің тәрбиесін алып жатқан бүлдіршіндер ана қамқорлығына мұқтаж емес екен.
Тағы да оқыңыз:
Түркістан тұрғыны үйінде 200 жылан мен 15 кірпі асырайды
Петропавлда анасыз өскен оқушы асылып қалды