Ақтөбеде кондуктор жасөспірімді жол ақысына бола ұрып жіберді
Жасөспірімнің ерні жарылған. Ал кондуктордың өзі әлі күнге дейін табылмай отыр.
Бұл туралы “Актобе таймс” хабарлайды.
17 жастағы жасөспірімнің анасы полиция бөлімшесіне келіп, кондуктордың үстінен арыз жазған. Жасөспірімнің айтуынша, оқыс оқиға Болашақ базарының қасындағы №7 аялдамада болған.
“Мен жол ақысын қыз арқылы беріп жібердім. Автобуста адам көп болды. Кешке сабақтан қайтып келе жатқан болатынмын. Кондуктор кімнің ақша төлеп-төлемегенін түсінбей қалған шығар. Менен екінші рет жол ақысын алмақ болды. Мен ақшаны адамдар арқылы бергенімді айтып, автобустан түсіп қалдым. Ол мені қуып жетіп, жұдырығымен соғып жіберді”, – дейді жәбірленуші.
Анасы да ұлының бет-аузы қан болып келгенін айтты. Оның ерні жарылған екен. “Автопарк” заңгері Руслан Жылмақанов полицияның ол адамды таппағанын мәлімдеді.
“Бізге полиция келіп, №7 маршруттың кондукторын іздеді. Қоғамдық көліктерде міндетті түрде кондуктор болуы керек деген заң жоқ. Кейбірі өзінің әйелін немесе қарындастарын алып жатады. Ол штаттан тыс жұмыс істейді”, – дейді ол.
Бұл жолаушылар таяқ жеген алғашқы жағдай емес. 23 маусым күні Астана қаласында кондуктор жолаушыны пышақпен жарақаттаған болатын. Ал Қостанайда кондуктор 85 жастағы мүгедекті жол ақысына бола ұрып тастаған.
Жіберіп алмаңыз:
Мәжілісте Асанов пен Қасымов бір-бірінің кемшілігін жайып салды
Қазақстандық шоу-бизнесте шағала қыздардың бары рас па?
Сот студент қыздың үстінен түсірген Мұхамедиұлының шағымын қабылдаудан бас тартты
Қазақстандықтар желтоқсан айындағы мейрамдарда қалай демалады