Ақтөбеде ер адам бір отбасыны кепілге алған
Ақтөбеде ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Ақтөбе облысының полиция департаменті кепілге үш адам – қыз бен оның ата-анасы алынғанын хабарлады.
Облыстық полиция басшысы Абай Жүсіпов кепілге алынғандар туралы хабарлама кешкі сағат 20:00 шамасында түскенін айтты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен арнайы жасақ жіберілді.
"Кепілге алынғандарды босату операциясы сәтті өтті. Күдікті ұсталды. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады полиция.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан