Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде арзан бағамен бағалы заттар сатушы алаяқтар көбейді

Ақтөбеде алаяқтар көбейіп барады. Олар арзан бағамен автокөлік бөлшектері мен құндыз тон сатамыз деп жалған хабарлама таратып, тұтынушыларды алдап кеткен.

Бұл туралы “Керек инфо” хабарлады.

Алаяқтар алдымен арзан бағамен автокөлік бөлшектерін, құндыз тон мен басқа да бағалы заттар сататыны жөнінде хабарлама береді. Сосын олар сатып алушыға қажетті тауарына алдын ала төлем жасауды ұсынады. Ал ақтөбеліктер ештеңеден қауіптенбестен, олардың банктік есепшотына қажетті қаражатты аударып отырған. Алаяқтар оларды жақын арада тауарды алатындығын айтып, алдап кеткен.

“Қазір анықталған әр дерек бойынша келген зиянның мөлшері 100 мың теңгеден асады. Мәселен, автокөлігіне дөңгелек сатып алғысы келген ақтөбелік алаяқтарға «Киви-кошелек» арқылы 30 мың теңгені аударып жіберген. Екінші жағдайда белгісіз біреулер құндыз тон сатып алмақ болған адамның 100 мың теңгесін иемденіп кеткен. Ал 35 жастағы ер адам «Chevrolet Niva» автокөлігінің жеңімпазы атанғаны туралы СМС-хабарлама алған. Зардап шегушіден ұялы телефон нөміріне комиссия аударуды сұрапты. Қуанып кеткен ақтөбелік алаяқтарға терминал арқылы 5800 теңге аударып жіберген”, – деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қазір барлық алаяқтық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер қала тұрғындарынан абай болуды және сатып алу-сату келісімін жасау кезінде ақша аудармауды сұрайды.Белгісіз тұлғаларға банк есепшоты мен жеке мәліметтерді бермеу қажет.

Егер алаяққа алданып қалғаныңызды білсеңіз, дереу тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша ішкі істер органдарына хабарласқан жөн. Ол үшін өтінішпен бірге алаяқтар жазған хабарламаны, есептесу шоттарын ұсыну қажет.

Тағы оқыңыз:

Алматыда 9 балалы отбасы құдықтың суы қатып қалғандықтан қар ерітіп қолдануға мәжбүр (видео)

Атырау облысында қасқырдың қаншығы арланды өлтірген ауыл тұрғындарынан кек алуда

Ақтөбелік кәсіпкер жетім балаларды аяқ киім жөндеуге үйретіп жүр

Астанадағы жатақханада студент дәретхана тазалығы үшін көршісін пышақтап тастады

Талқылау