Ақтөбе облысындағы жеті аудан жарықсыз қалды
Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты соңғы 3 күнде бірнеше аудан жарықсыз қалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Муздыбаев 14-17 сәуір аралығында 7 аудан жарықсыз қалғанын айтты. Сөзінше, бұл ауа райының қолайсыздығына байланысты туындаған.
"Қобда ауданында бір елді мекенде электрмен жабдықтау жоқ. Хромтау ауданында алты елді мекенде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мұғалжар ауданындағы бір ауылда электр қуаты жоқ. Жұмысқа 50 бригада тартылды: 217 адам және 66 бірлік техника”, – деді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша Шалқар ауданында электрмен жабдықтау қалпына келтірілген, ал Мәртөк ауданындағы 20 елді мекенде әлі жарық жоқ. Ырғыз ауданындағы 3 елді мекенде жұмыстар әлі жалғасуда.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
