Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір адам ауыр жарақат алды: Полиция Ақтөбе облысындағы жүргізушілер арасындағы төбелес туралы айтты

13 ақпан күні Ақтөбе облысында тас жолда ауыр жүк көлігінің жүргізушілері арасында жанжал шығып, соңы жаппай төбелеске ұласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Облыстағы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Полиция Ақтөбе облысындағы ауыр жүк көлігінің жүргізушілері арасындағы жанжалға қатысушылардың бірін анықтап, ұстады. Қазақстан Республикасының азаматтары арасында тұрмыстық негізде жанжал шыққан. Текетірестің салдарынан бір адам зардап шегіп, кейін төбелеске ұласқан", – деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Ведомство бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, қалған күдіктілерді ұстау бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ төбелеске қатысқандар арасында шетел азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. Ал зардап шеккен жүргізуші қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр. 

Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Еске салайық, Талдықорғандағы кафелердің бірінде болған жаппай төбелестің үш қатысушысы қамауға алынғанын жаздық.

 

Талқылау