Ақтөбе облысында ер адам қонаққа бару үшін жедел жәрдем көлігін ұрлап кеткен
Ақтөбе облысының тұрғыны қонаққа бару үшін жедел жәрдем көлігін ұрлап айдап кеткен. Ол қаладағы медициналық ұйымдардың бірінен көлігін ұрлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Наурыздың 9-ы күні патрульдік полиция қызметкерлері Өрлеу ауылы маңында жол ережесін бұзған УАЗ көлігін тоқтатты.
29 жастағы жүргізуші мас күйде болған. Оның бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Тексеру көрсеткендей, көлік қаладағы медициналық ұйымдардың біріне тиесілі екені анықталды.
"Ер адам полицияға Қазанғап көшесіндегі үйдің ауласында УАЗ көлігін ұрлап, қала маңындағы Өрлеу ауылындағы достарымен кездесуге кеткенін мойындады", – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары – "Автокөлікті заңсыз иелену", "Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның мас күйінде басқаруы" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”