«Ақтөбе халқы Қостанаймен бірге!» атты гуманитарлық керуен жолға шықты
Асар! Көршімізді қиындықта қалдырмаймыз. Төтенше жағдайда қиындықтан шығудың маңызды ережесі – өзара көмек және бірлік. Қазақтардың ежелден келе жатқан дәстүрі осындай. Ғасырлар бойы құндылықтар мен дәстүрлер өзгермейді. Қостанай облысында басталған табиғи өрттер және көп зардап шеккен отбасыларының балалары туралы хабардан кейін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жедел штаб құруды тапсырды.

Ақтөбеліктер көрші өңірдің Әулиекөл, Ұзынкөл және Қарабалық аудандарының тұрғындарына моральдық және материалдық гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Ақтөбе облысының әкімдігі көрші облысқа дәрі-дәрмектер, киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена заттары және т.б. гуманитарлық автокеруен жіберді.

"AMANAT" партиясының филиалдарында 13 гуманитарлық көмек пунктері ашылды. Оған немқұрайлы емес азаматтар киім, төсек-орын жабдықтарын және бірінші кезекте қажетті заттарды алып келуде.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды