Ақтөбеде әжесін алдаған 18 жастағы жігіт 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылды
Ақтөбе өз әжесін алдаған 18 жастағы жігіт сот үкім шығарды. Немересі әжесінің атына 628 мың теңгеге қарыз рәсімдеген. Зейнеткер бұл туралы банктен қоңырау шалғаннан кейін ғана білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбенің 18 жастағы тұрғыны әжесінің сенімін пайдаланып, оның смартфонынан 40 мыңнан 208 мың теңгеге дейін онлайн-кредиттер ресімдеген. Осылайша әйелде 628 мың теңге қарыз жиналған.
Жақын адамына алданған әйел қазір несиесін өтеп жатыр. Бұл ретте сотта ол соттан немересін қатаң жазаламауды сұраған.
Дегенмен жігіт бас бостандығынан айыру жазасынан қашып құтыла алмады. Жәбірленуші оны кешіргенін айтты. Алайда жігіттің бұған дейін соттылығы мен шартты мерзімі бар екені белгілі болды. Оған бүған дейін тонағаны және ұрлық жасағаны үшін ювеналды сот 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Сот бұл деректі алаяқтық үшін жаза тағайындау кезінде ескеріп, айыпталушыны 5,5 жылға бас бостандығынан айырды.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?