Ақтауда кафеге келгендердің төбелесі желіде жарияланды (видео)
Әлеуметтік желілерде кафедегі ер адамдардың төбелесі түсірілген видео жария болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрлардан ер адамдардың ұрысып, артынша төбелесіп жатқанын көруге болады. Жанжалға бірнеше адам қатысты. Оқиға куәгерлері оларды тыныштандыруға тырысуда.
Оқиға 1-2 қазанға қараған түні болды. Полицияға қаланың 2-шағын ауданындағы "Шамс" кафесіндегі төбелес туралы хабарлама түскен.
Қоңырауға Ақтау қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция батальонының ең жақын экипаждары барды.
"Кафеге келушілер шотты төлегілері келмеді, сондықтан ұрыс болды. Тәртіп бұзушылар Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады облыстық полицияда.
Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша тіркелген.
"Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек.
Аутист қызметкер Burger King-тегі жанжалдан соң қызметінен кетті: Анасы оның қысым мен буллингке ұшырағанын айтты
Отбасы бірнеше ай бойы Әлібектің эмоционалдық және психикалық жағдайын қалпына келтіруге тырысқан
"Піштіремін деп қорқытты": Ақтөбеде университеттің экс-оқытушысы малшыны соққыға жықты деген күдікке ілінді
Бахилин бала күнінен әркімнің малын бағып келеді