Екі адам ажал құшты: Ақтауда екі көліктің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды (видео)
Ақтауда жол апаты болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме беріп.

Апат 8 қаңтарда Шығыс-1 және Шығыс-2 шағын аудандары арасында орын алды. Audi B4 және Toyota 4Runner автокөліктері соқтығысты. Белгілі болғандай, бірінші көлік жүргізушісі жол бермеді.
Автокөліктердің соқтығысу сәті видеоға түсіп қалған.
Ер адам Теміртау-Қарағанды тас жолындағы апаттан ғажайыппен аман қалды
"Үш адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жол көлік оқиғасы фактісі бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды",-деп атап өтті Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған