Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшамызды жинап алып қашып кетті": Ақтауда үлескерлер қаржысына салынған көпқабатты үй сүрілмек

Ақтауда үлескерлер қаржысына салынған көпқабатты үй сүрілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Себебі құрылыс жұмыстары рұқсатсыз жүргізілген. Енді осы үйден баспана аламыз дегендер не істерін білмей отыр. Бүгін салы суға кеткен салымшылар әділдік іздеп облыс әкімдігіне барды.

“Келісімшарт бойынша тұрғын үйдің құрылысы 2022 жылдың төртінші тоқсанында аяқталып пайдалануға берілу керек еді. Бірақ әлі берілмеді. Құжатта тұрғын үй 6 подъезден тұратыны жазылған. Яғни үй барлық тұрғынға бір уақытта берілу керек. Алайда үлескерлердің келісімшартында үйдің берілу уақыты әрқайсысында әртүрлі көрсетілген. Тіпті жылы да әрқалай”, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Айгүл Қанаева.

"Сұлтан", "Ақ қала", "Құлагер" тұрғын үй кешеніне ақша салған үлескерлер жер жарған жарнамаға сеніп қалған. Ал келісімшартты көргенде бір шикілік барын сездік дейді. Айтуларынша, құрылыс компаниясы тұрғын үйдегі пәтерлерді әр тұрғынға әр түрлі уақытта беріледі деп сатқан. Үш тұрғын үйдің 500-ге жуық салымшысы ақшасын толық төлеген. Енді құзырлы органдар заңсыз салынған үйлердің бірін сүруге жіберген. Үш тұрғын үйдің біреуінің іргетасы қаланса, екіншісінің екі қабаты тұрғызылып, үшіншісінің тек салынатын жері белгіленген. Үшеуінің де құрылысына бір компания жауапты. "Сол мердігер мекеме басшысы ақшамызды жинап алып қашып кетті" -  дейді үлескерлер. Ал құрылысты аяқтауды басқа кәсіпкер мойнына алыпты. Жергілікті әкімдік енді салынбаған үйді жарнамалап, сыртынан сатқандарға 100 млн теңгедей айыппұл салмақшы.

”Алаяқтықпен айналдырған. Себебі, соттың бірінші шешімімен  апелляциялық түрде күшіне енді, сүрілу туралы. Алты ай уақыт бар. Кассациялыққа, сосын Жоғары сотқа жүгінуге. Заңсыз салынған құрылыс нысандарын жарнамалау бағытында 320 бапқа өзгерістер енгізу қарастырылуда. Яғни 30 АЕК 30 мың АЕК ұлғайтуға. Яғни бір жарнама үшін айыппұл сомасы 100 миллионға дейін барады”, – деді Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Дәурен Өтепқали

Талқылау