Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та сұлулық байқауын плюс өлшемді қыз жеңген: Желі қолданушылары бұған қарсы шықты

Плюс өлшемді модель Сара Милликен биыл АҚШ-та Алабама аруы атағын жеңіп алды. Алайда оның жеңісі көптеген желі қолданушыларына ұнамай, бойжеткен сыртқы келбеті үшін сынға ұшырай бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kursiv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Thenamalmiss Instagram-парақшасы

Сара Милликен 23 жаста. Ол сегіз жыл бойы сұлулық байқауына қатысып, жеңімпаз атануды армандаған. 2024 жылы оның тілегі орындалып, Сара Алабама аруы атанды.

Қазір Сара қоғамдық шараларға қатысып, көрмелер ұйымдастырады. Телебағдарламаларға қатысып, Америка аруы байқауына дайындалып жатыр.

Бірақ кей адамдар оның жеңісіне қуанған жоқ. Олардың пікірінше, Сараның келбеті сұлулық стандарттарына сәйкес келмейді. 

"Алабамада бұл әдемілік болып санала ма?”, Мен бұл сұлулық байқауы ма десем" деп жазды желі қолданушылары.

Сараның өзі бұған мән бермеуге және бұл туралы ойламауға тырысады. 

"Мен әрқашан позитивті бөліскім келді. Ал конкурс маған мүмкіндік берді. Денеңіздің қандай екені маңызды емес, сіз қалағаныңызды жасай аласыз”, – деді ол.

Бұған дейін "Жапония аруы" сұлулық байқауын украин қыз жеңіп алғанына көпшілік наразы болған еді. 

Талқылау