Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында бұрынғы әкім әйел зорлады деген күдікке ілінді

Ақмола облысы, Қызылегіс ауылының бұрынғы әкімі әйел зорлады деген күдікке ілініп отыр.

57d519258a220

Бұл туралы “Интерфакс-Казахстан” хабарлайды.

“Оқиға 5 маусым күні, “Нива” қызметтік көлігінде болған. Бірақ, 1 маусым күні біздің қызметкер өз еркімен қызметінен кетеді. Бұл күндері ол құжат тапсырып жүргендіктен, көлік әлі өзінде болған”, – деді Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы.

Оның сөзінше, зардап шегуші әйел әкімдік қызметкері емес. Ол анасының жұмысына көмектесіп жүрген, яғни, әлеуметтік жұмысшы әйелдің қызы екен.

Аталған дерек бойынша сот алды тексеру жұмыстары басталды. Іс аудандық прокуратураның бақылауында.

Оқи отырыңыз:

Президент: Әлемдегі қазақтардың сөйлескенде тілі бір болса, оқығанда үш түрлі

Үш жұмыста қатар істейтін жалғызбасты әке өзіне келіншек іздеп жүр

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары ауысты

Атырауда туған анасы ер жетіп қалған ұлын интернатқа өткізді

Талқылау