Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында төрт баланың анасын бірнеше тонна бидай мен бетон тақта басып мерт қылды

Ақмола облысында орналасқан наубайханада оқыс оқиға орын алды. 46 жастағы әйел бірнеше тонна бидай мен ауыр бетон тақтаның астында қалып, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Адам өлімімен аяқталған оқиға бидайды кептіріп жатқан кезде болыпты. Қойманың бағаналарын қосып тұрған бетон тақтаның үстінен бидай азаматшаның үстіне төгіліп, артынша тақтаның өзі барып құлап кеткен. Тасымалдау таспасының оператор қызметкері Нұргүл Марья алған жарақаттардың салдарынан сол сәтте мерт болған. Мамандардың айтуынша, қызметкер 80 тонна бидайдың астында қалыпты. Төрт баланың анасы бұл жерде тек тамыз айынан бастап жұмыс істейтін көрінеді. Қазіргі таңда тексеріс амалдары жүргізілуде.  

"Арнайы құрылғылардың көмегімен бетон тақта мен бидайдың астында қалған әйелдің денесі шығарылды. Өкінішке орай, әйел сол мезетте көз жұмған. Марқұмның денесі Атбасар қаласының мәйітханасына жіберілді. Полиция бөлімі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады", - деді Ақмола облыстық ТД басшысының орынбасары Қанат Доспаев.


 

Талқылау