Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында прокурорлар АҚШ азаматынан заңсыз клиника мен қымбат көлік тәркіледі

Ақмола облысында прокурорлар сот қаулысымен жеке клиника мен “Лексус” маркалі көлікті тәркіледі. Мүлікті  АҚШ азаматшасы заңсыз сатып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дерекке сүйенсек, Бурабай жағалауында орналасқан жер учаскесі бар жеке клиниканың жаңа ғимараты мен "Лексус" маркалы автокөліктің заңсыз сатып алынғаны анықталған. Тергеу барысында мүліктің АҚШ азаматшасына қатысы бар болып шықты. 

“Ол "Г.Ю.А." клиникалар желісінің иесі бола тұра, Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларымен бір топта Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ескі медициналық жабдықты жаңа ретінде жеткізіп 1 167 513 600 теңге сомасына бюджет қаражатын жымқырғаны бойынша күдіктенеді. Сонымен қатар медициналық жабдықтардың бір бөлігі жұмыс істемейтіндігі анықталды. Кейіннен АҚШ азаматшасы осы ақшаға жаңа емхана ғимаратын 890 миллион теңгеге салып, оны мемлекетке 4,5 миллиард теңгеге сатуға тырысқан”, - делінген ақпаратта. 

Шетел азаматы 2021 жылғы сәуірде қылмыстық іс тіркелгенге дейін Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп кеткен көрінеді. Осыған байланысты, оған сырттай күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол халықаралық іздеуге жарияланды. 

Ал Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларын айыптау бойынша негізгі қылмыстық іс сотта. Олар күзетпен ұсталуда.

Талқылау