Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова: "Астарлы ақиқат" бағдарламасы істің қарасын ғана айтып, ағын айтпайды

Соңғы күндер әншілердің басынан дау арылар емес. Карантин тәртіптерін бұзғаны үшін, сонымен қатар жалған ойын ойнатқаны үшін Ернар Айдар айыпталған еді. Енді Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожа дәл осылай дауға қалды. 

Ақбота Керімбекова

Бұған дейін Ақбота Керімбекова аталған жайтқа қатысты пікір білдіруден бас тартқан болатын. Роза Әлқожа не себепті ұтыс ойнатқанын, ұйымдастырушыларға сеніп қалғанын айтып ақталды.

Енді Керімбекова бұл әрекетін түсіндіріп өтті. 

"Амансыздарма, оразаларыңыз қабыл болсын баршаңызға. Астарлы ақиқатты көріп жек көріп отырсыздарма? Ия, қателігіміз болды-сенгеніміз!!! Өз басым ешкімді алдағаным жоқ. Алла куә оған. Барар жеріміз бір бәріміздің. Құзырлы органдар тексеріп болғаннан соң өз ойыммен бөлісемін деп сабыр сақтап отырғаным да өтірік емес. Роза да менде ақша салыңыздар дегеніміз жоқ ешбір жарнамада. Ұтыс ойыны мен инвестиция екі бөлек дүние.

Әнші "Астарлы ақиқат" бағдарламасы шындықты айтпайды деп жазды. Айтуынша, тек істің қара тұсы ғана айтылған.

"Ұтыстан бір қазақ болсада үйлі, көлікті болса деген ниетім болған. Розаның өткізген ұтысында далелдерге сеніп, қайырымдылыққа сендім мен де. Құжаттарын көрсеткен соң. Ақша салу деген енді. Ондай батпан ақшаға менде сенбеймін. Өзім біреуге, ақша беріп басым күйген талай. Ақшаларын көбейтіп алу болды ойлары, ия түсінемінү Бірақ, мен алып мен қайтарам деп сендірсем әңгіме басқаша болар еді. Барлық дәлел де айтылар. Астарлы ақиқат бағдарламасына қатты сеніп отырсыздар ғой. Бармағаным өз себебі бар.

Қарасын айтып, ағын айтпағанына налып отырмын. Мейлі ақталмаймын. Қалғаны уақытында айтылар. Коронавирус ауруы бір бірімізге жала жауып, қаралайтын, сүрінгенді табалайтын ауру болды ғой. Өкінішті. Менен зиян кешіп, менен жамандык көрген болсаңыздар кешірім сұраймын баршаңыздан. Қалай түсінсеңіздерде өз еріктеріңіз. Өнер адамдары да халық екенін білсеңіздер деймін. Аллам жар болсын баршамызға", -деп жазды әнші.

Айта кетейік ұтысқа алданған жұрт "5 миллионға дейін ақша құйдық" деп зар жылады. Алайда әншілер оған біз жауапты емеспіз деп ақталуда. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр