Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам ағзаларын тура көшеде тұрып өртеген: Шымкентте шу шықты

Шымкентте жекеменшік компания адамдардың мүшелері мен медициналық қалдықтарды тура көшеде өртеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

алау

Ереже бұзушылар қалдықтардан өзен жағасында тұрып арылғалы жатқан жерінен ұсталған. «Эколайф» компаниясы бұл жұмыспен көп жылдан бері айналысып келеді. Әрдайым жазадан айыппұл төлеу арқылы құтылып кетіп отырған. 
Жекеменшік компания медициналық қалдықтардан өзге біреудің территориясында тұрып арылмақ болған. Мамандар қолданылған ине мен ампулалардың ішінен адамдардың ағзаларын тапқанын айтады. 
Компания бұл қалдықтардан өз жеріндегі арнайы пеште арылуы тиіс еді. Алайда олар, тіпті, ашық жерде осы қалдықтардан арылмақ болған. 
«Бүгінгі таңда тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық фактіге сәйкес, «Астана Эколайф» компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын боалды. Айыппұл ретінде 60 АЕК қаралып отыр», - деді Шымкент экологиясы қалалық департаментінің жетекшісі Серік Сарбасов. 
Аталған компания осы жылы үш рет ұсталған. Сондай-ақ, «Эколайф» компаниясының өз сайтында медициналық қалдықтардан қалай арылатынын нақтылап жазған. Қалдықтар аса қауіпті болғандықтан, белгілі бір талаптар орындалуы тиіс екені жазылған. 
 

Талқылау