Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абдуғаппар Смановты мыңдаған адам соңғы сапарға жылап тұрып шығарып салды (видео)

Белгілі дін ғалымы, имам Абдуғаппар Сманов 1 шілде күні өмірден озды. Танымал өнер өкілдері, желі қолданушылары қазаны ауыр қабылдады. Марқұм жайлы естеліктерін желіде бөлісті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы "Сарыағаш" медресе-колледжінің директоры Әбдіғаппар Шәкірұлының қайтыс болуына байланысты Смановтар отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Сарыағаш" медресе-колледжінің директоры, белгілі дін жанашыры, бауырымыз Әбдіғаппар Смановтың қазасы туралы қаралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Бұл барша дін қызметкері мен жамағатқа ауыр тиген қайғылы хабар болды. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан Смановтар отбасына қайғыларыңызға ортақтаса отырып көңіл айтамын. 

Әбдіғаппар Шәкірұлының иманы өзіне серік болып, асыл дінімізді өркендету жолындағы әрбір амалы өзіне шапағат болғай. Марқұмның шәкірт тәрбиелеу, уағыз-насихат жүргізу, діни ағарту сынды ізгі істері сауабы үздіксіз жалғасатын амалдардың қатарында жазылғай.

Алла Тағала Әбдіғаппар Шәкірұлын рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Артында қалған ағайын-жұрты мен отбасына Алладан көркем сабыр тілеймін. "Тас түскен жеріне ауыр" десе де бұл қайғылы хабар баршамызға ауыр тиді. Жаратқан Жаббар Иеміз алдынан жарылқап, нығметке бөленген құлдарының қатарына қоссын деп дұға етеміз. Алды пейіш болғай. Алла Тағала еліміз бен жерімізді жұқпалы дерттен аман етіп, осынау сынақты сәтті көркем сабырмен жеңетін күнді жақын еткей. Әмин", - делінген жеделхатта.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Марқұмды жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды. Көз жасына ие бола алмай, жылап тұрып соңғы сапарға аттандырды. 

Қаралы жиынға жиналған халықтың саны көп. 

Дінтанушы бір күн бұрын ғана ауырып, ауруханаға түскені белгілі. Ертесі күні, 1 шілдеде таңғы сағат 8:00-де соңғы демі үзілді

"Аллах тағалам жәннаттын төрінен орын берсін. Жақынымыздан айырылғандай болып қалдық", "Ауырдыма не болды екен. Жақсы кісі еді, Алла алдынан жарылқасын", "Тозбасты ұста соқпайды, өлместі Құдай жаратпайды" деген бәрімізде ертелі кеш өлім дәмін татарымыз қақ дегенмен соңғы уақытта өлім өте көбейіп кетті. Арты қайырлы болсын деп жазудан қолымыз босар емес. Бақұл болсын", - деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау