Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі дінтанушы Абдуғаппар Сманов көз жұмды

Сарыағаш медресе колледжінің директоры, дін ғалымы, Қазақстанға белгілі ұстаз Сманов Абдуғаппар Шәкірұлы бақиға аттанды.

дінтанушы

Дін ғалымы, имам Сманов Абдуғаппар көз жұмды. Бұл ақпаратты Stan.kz ақпарат агенттігіне ҚМДБ растады.

Абдуғаппар Шәкірұлының неден көз жұмғаны туралы нақты ақпарат жария болған жоқ. Бір анығы Сманов 30 маусым күні ауырып, ауруханаға түскен. 1 шілде күні таңғы сағат 8:00-де өмірден озды. 

Сманов Абдуғаппар Шәкірұлы 1970 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. 

Білімі - жоғары. Еңбек жолын1994 жылдан бастап «Таяқты Ешан» мешітінде бас имам болып бастады. 

«Таяқты Ешан» мешіті жанындағы « Убай ибн Кааб» медресесінде ұстаздық қызметін қатар алып жүрді.

2010 жылдан бастап «Сарыағаш медресесінің» директорының орынбасары.

2016 жылдан «Сарыағаш медресе колледжі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылы желтоқсан айынан бастап «Сарыағаш медресе колледжінің» директоры лауазымын алды.

Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз! Жақындарына сабырлық тілейміз! 

Талқылау