Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысы Бесқарағай ауданында жаңа медициналық пункт ашылды

Абай облысы Бесқарағай ауданында жаңа медициналық пункт ашылды

Бесқарағай ауданында тағы бір маңызды әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді. Жетіжар ауылында заманауи талаптарға сай салынған жаңа медициналық пункт өз жұмысын бастады.

Бұл жоба Мемлекет басшысының ауылдық жерлерде медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылды. 

Ауылда 600-ден астам тұрғын тұрады. Жаңа нысан ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті сапалы әрі қолжетімді түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Абай облысы Бесқарағай ауданында жаңа медициналық пункт ашылды

Медициналық нысан “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық бағдарламасы аясында салынды. Бағдарлама шеңберінде аудан бойынша 11 медициналық нысан бой көтерді.

Медициналық пунктте тұрғындарды қабылдау, алғашқы тексеру мен жеңіл медициналық қызмет көрсетуге арналған қажетті кабинеттер қарастырылған. Нысан ауылдағы медициналық қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған.

Абай облысы Бесқарағай ауданында жаңа медициналық пункт ашылды

Жаңа ғимарат заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда нейбулайзер, электрокардиограф, дефибриллятор, магнитотерапия аппараты, спирометр және жоғарғы тыныс алу жолдарын емдеуге арналған ультракүлгін құрылғылар орнатылған.

Абай облысы Бесқарағай ауданында жаңа медициналық пункт ашылды

Жаңа ғимараттың ашылу рәсіміне Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Агибаев қатысып, ауыл тұрғындарын медициналық пункттің ашылуымен құттықтап, нысанның халық денсаулығын жақсартудағы маңызын атап өтті.

Айым Болатқызы
Сенбі, 13 Желтоқсан, 2025 14:53