Шымкентте Абай ауданында 14 ойын алаңшасы салынуда
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Самал-3 шағынауданына барды. Мұнда Мұрат Дүйсенбекұлы шағын ауданның Әбдраманов көшесінде жаңадан бой көтерген балалар ойын алаңшасының құрылыс барысымен танысты.

Мердігер мекеме “Ынтымақ Бес Арыс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан салынып жатқан ойын алаңшасы мемлекет қаржысы есебінен 23,5 миллион теңгеге тұрғызылуда. Мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын кестеге сай уақытылы тапсыруды жүктеді.

Одан бөлек Абай ауданы аумағындағы 14 мекенжайда балалар алаңшасы және 3 шағынауданда спорт алаңшасы орнатылуда.

Айта кетсек, Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Жалпы шағын аудан 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған, сондай-ақ биыд 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"
"Несиені жапқаннан кейін көлігімді тартып алды": Қазақстандық көлігінің Ресейден ұрланғанын білмеген
Енді оның көлігі айып тұрағында.