"49 жасында алғаш ана атанған": Қарақат Әбілдина ерекше баланың тұсауын кесті
Танымал әнші Қарақат Әбілдина ерекше баланың тұсауын кесіп, 50 жасқа қараған шағында ана атанған әйелдің оқиғасын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/
Өнер иесі қарағандылық отбасының қуанышына ортақтасты.
“Бұл деген рекорд қой” деппін ғой сасқанымнан. Кеше Қарағандыдағы тұсаукесер рәсімінде 49 жаста алғаш ана атанған қонағымыз болды. Бөпесі Шахкерімнің тұсауын кестік. Мен алтыншы баламыз Айзониді дүиеге әкелгенде “өте кеш босанып жатқан сияқтымын” деп ойлағам... Сөйтсем жақсылық, қуаныш дегеннің кеші болмайды екен ғой. Сол сияқты міне осы сәбидің де әжесі “Адамнан бір, Алладан екі сұрап алғаным” деп қуанып, батасын беріп жатыр”, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, эстрада жұлдызы “Тұсаукесерді неге тегін жасамайсыз” дегендерге жауап берген еді.
“Той ұйымдастырудан бастап бәрі тегін болса, былай-ақ кесіп беруші едім. Әзірше өзімде ондай мүмкіндік жоқ. Болып жатса, қуана-қуана жасаймыз”, – деп жауап берген еді эстрада жұлдызы.
Айта кетейік, Қарақат Әбілдина алғаш кімнен гүл алғанын айтып берген еді.