Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42500 теңгені төлеу ережесі бекітілді

Қазақстанда шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ережесі бекітілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1 және 2 тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін", - делінген тиісті қаулыда.

Осы бұйрықтың орындалуын бақылау еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. А. Сарбасовқа жүктелді.

Айта кетейік, қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Талқылау