42500 теңге алып береміз деп өтірік айтқан: Министрлік алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтты
Еліміздегі интернет алаяқтықтың жаңа түрі туралы криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков онлайн-брифинг барысында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Омарбеков соңғы кездері әлеуметтік көмек алып береміз деп сан соқтырып кететіндер қатары көбейгенін айтты. Алаяқтықтың жаңа түрі бойынша 3 адам ұсталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Мұндай факт тіркелгені рас. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында үш азамат ұсталды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, ол интернет алаяқтарды анықтаудың қаншалықты қиын екенін айтты.
"Интернет алаяқтықты ашу өте қиын. Қылмыскерлер өздерін толығымен жасырып қалуға тырысады. Әртүрлі провайдерлерді қолданады. Бұл ұзаққа созылады", - дейді ол.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандықтарға әлеуметтік төлемдерді тіркеуге көмектесуді ұсынатын алаяқтар пайда болғаны туралы жазған болатынбыз.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"