40 жастағы қызылордалық әйел 10-баласын дүниеге әкелді

Фото: Облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінен
Қызылорданың 40 жастағы тұрғыны Ажаркүл Төлегенова оныншы баласын дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көпбалалы ана туралы облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады. Ажаркүлдің тұңғышы 16 жаста. Ол колледжде оқиды. Тағы төрт қызы мен бір ұлы – мектеп оқушылары. Қалғандары – мектеп жасына дейінгі балалар.
Қазір Ажаркүл отбасында бес ұл мен бес қыз бар.
Әйел дәрігерлерге алғыс айтып, ана болу үлкен қуаныш пен үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады