Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"300 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған": Құрылыс кодексі үшін кімдер жазаға тартылғаны белгілі болды

Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Құрылыс кодексін әзірлеу жобасына жүргізілген аудит нәтижелерін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Индустрия және құрылыс министрлігі

Министр кодексті дайындау кезінде қаржылық заңбұзушылықтар болғаны анықталған жоқ деп сендірді.

"Қаржы министрлігі жүргізген тексеру аясында қаржылық заңбұзушылықтар анықталмады. Ведомоство ескертетін жалғыз нәрсе – сәйкессіздіктер. Бірақ қаржылық заңбұзушылықтар болған жоқ. Процедуралық сәйкессіздіктер үшін бірқатар қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – деді Шарлапаев үкіметте өткен брифингте.



Бұл ретте министр кодекстің қабылдану мерзімін шамамен де айта алмады.

"Мәжілісте жұмыс өте белсенді жүргізіліп жатыр. Талқылау қорытындысы бойынша бұл заң жобасы кодекстің қабылдануына әкеледі деп ойлаймын. Уақыт тұрғысынан біз мәжілістің заңнамалық актілерін қабылдаудың стандартты процестеріне назар аударамыз", – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін мәжілісмен Бақытжан Базарбек құны 382 миллионнан асатын жаңа Құрылыс кодексіне шағымын білдірген еді. Алайда шенеуніктер басқа да бірқатар маңызды заң жобаларын бір теңгесіз дайындап үлгерген. Кейіннен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс кодексін дайындауға бөлінген 382,5 млн теңге нақты қайда жұмсалғанын айта алмаған еді. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 29 Қазан, 2024 12:39
Талқылау