Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

25 желтоқсаннан бастап маскамен өмір сүріп келемін: Қазақстан азаматшасы Қытайдағы карантин туралы айтты

Әлем елдері бірінен кейін бірі төтенше жағдай енгізіп жатқан кезде, Қытай коронавирус эпидемиясын бақылауға алды. Жұқтырғандардың 84%-ы жазылды, ал елдегі аурудың тіркелген жаңа жағдайларының саны тәулігіне 15-20-дан аспайды. Қытайдың коронавируспен қалай күрескені және өз азаматтарына карантинді қалай ұйымдастырғаны туралы Stan.kz-ке Шанхайда тұратын Қазақстан азаматшасы айтып берді. 

Алина К. шамамен 10 жылдан бері Қытай мегаполисі мектептерінің бірінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейді.

Ол "коронавирус өте тез таралатындықтан" қазақстандықтарды жұқтыру қаупіне байыпты қарауға және барлық сақтық шараларын сақтауға шақырды.

"24 желтоқсанда алғашқы жұқтыру оқиғалары болды, ал 25 желтоқсанда бәріміз бірге бетперде кидік", - дейді Алина.

Қазақстан азаматшасы 40 күннен астам уақытты карантинде өткізген.

"Бір ай ішінде ауруханалар мен азық-түлік дүкендерінен басқа бәрі жабылды, бірақ азық-түлік, дәрі-дәрмектер, дәрумендер мен әсіресе маскалар қымбаттады. Күзет және волонтерлер үйден 2 күнде 1 рет немесе 4 күнде 1 рет тек азық-түлік алып, қайтуға ғана шығарды.  Барлық күзетшілер градусниктермен "қаруланған" (оларды маңдайға басады). Арнайы маскасыз үйден шығармайды және магазинге де кіргізбейді, міндетті түрде температураңды өлшейді, барлық жерде атыңды, тегіңді және телефон нөміріңді жазып алады. Арнайы ақ костюмдердегі дәрігерлер зардап шеккендермен байланыста болған адамдар тұратын ғимараттарда кезекшілік атқарады", - дейді ол.

Алина қазақстандықтарға халық көп жиналатын орындарға баруды доғаруға, бетперде сатып алуға (хирургиялық немесе №95) және оларды әр 4 сағат сайын ауыстырып отыруға, қолды жиі жуып, көбірек демалуға кеңес берді.

"Короновирус беткейлерде (лифт түймелері, қоғамдық көліктердегі қол тұтқалары және т.б) өмір сүретіндіктен хирургиялық қолғаптарды да сатып алуға болады. Сондай-ақ, көзілдірік киген абзал. Қолды үнемі жуу. Бөлмені желдету, әсіресе күн шуақты күндері. Витаминдер мен азы-түлікті көбірек алып қою және мүмкіндігінше көп ұйықтау(менде керемет орындалады, біз әлі күнге дейін жұмыс істемейміз). Клубтар, мейрамханалар, әуежай, қоғамдық көлік және адамдар көп жиналатын орындар - бұл жоғары қауіпті аймақтар. Егер сіз жас және сау болсаңыз, және сізде ешқандай симптомдар жоқ болса, сіз тасымалдаушы бола аласыз және басқа отбасы мүшелерін жұқтыруыңыз мүмкін екенін ұмытпаңыз. Жоғары қауіп аймағында егде адамдар. біз әлі күнге дейін жұмыс істемейді). Клубтар, мейрамханалар, әуежай, қоғамдық көлік және адамдар көп жиналатын орындар - бұл жоғары қауіпті аймақтар. Егер сіз бір бөлмеде болсаңыз, досыңыз бен әріптестеріңізден маска киюін сұраудан ұялмаңыз", - дейді Алина.

Еске сала кетейік, 11 наурызда ДДСҰ жаңа Covid-19 вирусын пандемия деп жариялаған болатын. 15 наурызда Қазақстан ел аумағында ТЖ режимін енгізді.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тараз тұрғыны бақылау-өткізу пунктінен жібермеген полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Ер адам полиция қызметкерінің қойылған талаптармен келіспейтінін білдіріп, оны боқтаған

Бөртпе және конъюнктивит COVID-19 белгілерінің бірі болуы мүмкін - Денсаулық сақтау министрлігі жаңа хаттамасы

COVID-19 үшін жаңа клиникалық хаттамалар бекітілді

Мұнай бағасы 40 пайызға өсті

Шамамен жарты сағат бұрын Brent маркалы мұнай бағасы 40 пайызға көтерілді

Қазақстандықтарға 42 500 теңге туралы SMS келе бастады

Миллионнан астам қазақстандықтар жәрдемақыны белсенді түрде алады

Коронавирустың өсуі баяулауда - Ерлан Қарин

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік режимнің күшеюі өз нәтижесін беруде

Түркістан облысында жаңа тіркелген науқастар - коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар

Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген

Қазақстанда ел бюджетінің тапшылығын алдын алу үшін 3 триллион теңге қарызға алу жоспарланыпты

Вице-министр: Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 трлн теңге қарыз алу қажет

Мүгедектігі бар 75 жастағы алматылық қария үйінде жалғыз қалып, азық-түлік алуға сыртқа шыға алмай отыр

Зейнеткер: Полиция көріп қалса, ұрысып шыға келеді

Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойды

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Алматы обысында нанды қаптамасыз сатқан кәсіпкер айыппұл арқалады

Азаматқа 26 510 көлемінде айыппұл тағайындады
Çàãðóçêà...