2030 жылы мұсылмандар екі рет ораза ұстайды
2030 жылы мұсылмандар қасиетті Рамазан айында екі рет ораза тұтады. Астрономдар мұндай құбылыстың сирек болатынын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ru.freepik.com
2030 жылы бірінші Рамазан 5 қаңтарда басталса, ал екінші ораза 26 желтоқсанда басталады. Бұл мұсылмандар бір жылда екі рет, яғни 36 күн ораза тұтады деген сөз.
Алайда екі ораза да қыс мезгіліне түсіп тұрғандықтан күндізгі оразаның уақыты қысқарады. Ал бұл ауыз бекітуді жеңілдетеді.
Мұндай құбылыс күн (григориан) және ай (ислам) күнтізбесінің айырмашылығына байланысты болады.
Саудиялық астроном Халид әл-Закактың айтуынша, мұндай құбылыс шамамен әр 30 жыл сайын қайталанып отырады. Соңғы рет мұндай құбылыс 1997 жылы, ал одан бұрын 1965 жылы болған.
Ғалымның есептеуінше, Рамазан айының бір жылда екі рет келуі 2030 жылы, келесісі 2063 жылы қайталанады.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”