Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2024 жылы бұдан ауыр ауру болады": Экстрасенс Бақыт Жұматова коронавирустың елімізде қашан жойылатынын айтты

Экстрасенс, көріпкел Бақыт Жұматова елімізді жайылған індеттің беті қашан қайтатынын болжады. Оның айтуынша, тамыздың соңына таман вирус жойыла бастайды. Ал, адамдарға ауыр соғатын ауру әлі тараған жоқ. Ол 2024 жылы тарайды деге нұсқасын айтты. 

Бұл туралы Еуразия арнасындағы Basty Prime бағдарламасында айтылды. 

Бақыт Жұматова коронавирус адам қорқатындай ауру емес деген пікірде. Оны жойылатын уақыты да аз қалды. Ал, 4 жылдан соң адамзатқа ауыр тиетін ауру тарауы бек мүмкін деп отыр. Әрине, бұл болжам ғана. 

"Коронавирус тамызды 28-інен бастап жойылады деп ойлаймын. Аурудың үшінші толқыны жүреді деп айтып жатыр ғой. Олай болмайды. Себебі оның жалғасуында еш мән жоқ. Әрине сақтану керек, күтіну керек. Імбір ішіп, сарымсақ жеу керек. Бұл денсаулығың үшін. Вируспен ауырмасаң да, басқа аурулардан сақтану үшін ішесің. Адамдар 2021 жылдың 5 ақпанынан бастап басқаша өмір сүре бастайды. Басқаша ойлайды. Үнемі қорқынышта жүреді. Сақтанып жүреді. Бұл жылды сабырмен шығарып салу керек. Шыдау керек. Бұл кібісе жылы (ред. - високосный год). Бұл төрт жылда бір келеді. Және адамдарға ауыр соғады. Әлем бойынша солай. Кібісе жылында осындай ауыртпалықтар болады", - деді экстрасенс. 

Жұматованың айтуынша, әлемде оба ауруы 2024 жылы тарауы мүмкін. Бұл ауру одан ауыр емес. Яғни, коронавирустан бәрі өлмейді, емдеуге болады деген пікірде.

"Коронавирустан бәрі өледі деу бекер. Емделуге болады. Бұл оба емес. Оба әлі басталған жоқ. Бұдан қорқудың керегі жоқ", - деді ол. 

Бағдарламаға келген дәрігер Әйгерім Дүйсенбаева мен халық емшісі Салтанат Сүлейменова Бақыт Жұматовамен келіспейді.

"Бұл ауру бар. Және қазір өршіп тұр. Бастапқыда адамдар сенбеді. Қазір дене қызуы көтеріліп жатқан адамдар саны көп. Енді сене бастады. Сақтана бастады. Қалай дегенмен алдымен сақтық керек. Аурудың алдын алған дұрыс. Аурудың құрбаны болғандар да бар", - деді ол.

Салтанат Сүлейменова аурудың сынақ екенін, оны кібісе жылына байланысты емес екенін айтады. 

"Бақыт Жұматова айтқандай кібісе жылы ауыр жыл деп қараудың керегі жоқ. Әр төрт жыл сайын кібісе жылында бәрі ауыр болады деудің қажеті жоқ. Басқа уақытта да небір жағдайлар болып жатыр. Кібісе жылында да жақсы жағдайлар болады. Ол Алланың қалауымен болатын нәрсе. Кібісе біте сала, бәрі өзгереді деген қате. "Сақтансаң сақтаймын" деген. Денсаулық Алланың адамға берген аманаты. Сондықтан әркім өзін, өзгені сақтандыру керек", - деді халық емшісі. 

Салтанат Сүлейменова ел қатарлы ауруға бастапқыда сенбегенін айтты. Қазір жақындары ауруға шалдығып, жағдайын көзімен көрген соң басқаша көзқараста екенін жеткізді. 

"Қазақ көзі жетпей сенбейтін халық қой. Тойға баруды, қонаққа баруды, себепсіз қыдыруды қою керек. Сонда ауруды өршітпейміз. Халық оны түсініп жатқан жоқ", - деді ол.

Талқылау