Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2022 жылдың қыркүйегіне дейін әкелінген және заңдастырып үлгермеген көліктің иелері не істейді - ІІМ түсіндірді

2022 жылдың қыркүйегіне дейін әкелінген және заңдастырылмаған көліктер әдеттегідей тіркеуден өтуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

машина грузия 2022

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жалпы, заңдастыру аясында Қазақстанда 304 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Оның ішінде 21 мың автокөлік және 55 мың автокөлік уақытша тіркеуге қойылған.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік көліктер заңдастырылды. Заңдастырылмаған шетелдік автокөліктерге келсек, олар барлық қажет алымды төлей отырып техникалық және экологиялық талаптарға сай келсе, әдеттегі тәртіпте тіркеледі”, – делінген полицияның сәрсенбіде тараған ақпаратында.



Сонымен қоса ішкі істер министрлігі азаматтарға белгіленген тәртіпте тіркелмеген көліктерді басқару әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Еске салайық, осыдан тура бір жыл бұрын шетелдік көліктерді заңдастыру акциясының аясында Алматыда алғашқы көлік тіркеуден өткен еді.

Талқылау