17 маусымнан бастап "Нұрлы жол" вокзалына жолаушылар тек "Ashyq" қосымшасы арқылы кіре алады
Коронавирустың таралу қаупін азайту үшін Нұр-Сұлтандағы "Нұрлы жол" теміржол станциясында бірқатар шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушылар 17 маусымнан бастап теміржол станциясына "Ашық" қосымшасы арқылы ғана кіргізіледі.
Коронавирус бойынша дәрежеңіз Ashyq, Kaspi.kz, Homebank, Aitu қосымшаларындағы QR кодты сканерлеу арқылы тексеріледі.
Егер жолаушының өзінің қосымшасы болмаса, онда ол ЖСН нөмірін әуежай қызметкеріне ұсыну арқылы "Ашық" қосымшасындағы мәртебесін тексерте алады.
Шетелдіктердің мәртебесі сол жерде паспорт нөмірі арқылы тексерілетін болады.
18 жасқа дейінгі балалар тексерілмейді.
"Қызыл" және "сары" мәртебесі бар азаматтар вокзалға жібермейді.
Жолаушыларға станцияға барар алдында алдын ала бейтарап QR код арқылы ashyq.kz веб-сайтында өз мәртебелерін тексеріп алуға кеңес берілді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған