120 кітап – 120 рухани шамшырақ: Түркістан облысында 120 дана кітап қала тұрғындары мен қонақтарына тегін таратылды

23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекелік іс-шара аясында Түркістан облыстық "Фараб" әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы бірлесіп, мазмұны терең, тағылымы зор игі бастаманы жүзеге асырды.
120 дана кітап қала тұрғындары мен қонақтарына тегін таратылды.

Бұл тек кітап тарату акциясы ғана емес, әр оқырманға бағытталған рухани сый, білімге бастайтын ізгі қадам, кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтатын маңызды бастама болды.

Таратылған кітаптар әртүрлі жанрды қамтып, оқырмандардың сұранысына сай іріктеліп ұсынылды. Әр кітап – жаңа ойға жол ашатын, танымды кеңейтетін, рухани дүниені байытатын құндылық.

Бұл игі іс Ұлттық кітап күні аясында кітаптың қоғамдағы орнын айқындап, оқырман мәдениетін дамытуға және рухани құндылықтарды кеңінен насихаттауға өз үлесін қосты.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді