Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 әпке-қарындасы бар ер адам қыздардың жеке өміріне қатысты ерекше талап қойғанын айтты

12 әпке-қарындасы бар британдық жігіт қыздардың жеке өміріне қатысты ерекше талап қойған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап.

36 жастағы Чарльз Льюис көп балалы отбасыда өскен әрі 13 баланың ішінде жалғыз ұл болған. Қазір бауырларының ең үлкені 39 жаста, ал ең кішісі 19-да. Әрі 25 баланың нағашы ағасы атанған жайы бар.

Льюис жас кезінде достарына әпке-қарындастарымен сөйлесуге, кездесу баруға тыйым салған. Өзі де көп қыздармен көңіл жарастырғанымен, әп-қарындастарының құрбыларымен сөйлеспеген. Ол арадағы сыйластықты бұзып алудан қорыққанын айтады.

"Ол қарындастарын қорғағаны сонша, достарының ешқайсысы қыздарды кездесуге шақыруға батылы бармады", — деп еске алады анасы.

Льюистің айтуынша, қыздар жеке өміріндегі оқиғаларды оған егжей-тегжейлі айтып отырған.

"Жігітті оларға лайық көрмесем, ашық солай айтатын едім. Олар маған сеніп, жақсы кеңес алуға болатынын түсінетін. Бауырларымды біреудің ренжітуіне жол бермейді", - дейді ол.

Қазіргі уақытта Чарльз жасөспірім кезінде кезіктірген 33 жастағы Мэдлинмен тұрады. Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар.

Талқылау