11 мамырдан бастап карантин режимін жұмсарту туралы құжат өтірік болып шықты
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі желіде таралған "карантиндік шараларды біртіндеп жұмсарту кезеңдері" деген құжатты негізсіз деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"11 мамыр мен 15 маусым аралығында жұмысы қайта басталатын мекемелер туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз. Барлық жаңалықтар жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында, ал мемлекеттік комиссияның шешімі премьер-министрдің сайтында жарияланады", - деп хабарлады Нұр-сұлтан әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook-те.
Желіде таралған құжатта карантиндік шараларды жұмсартудың үш кезеңі: "бірінші кезең 11 мамырдан бастап азық - түлік базарлары, мәдениет және спорт нысандары, екінші кезең 25 мамырдан бастап балабақшалар, бизнес-орталықтар мен кеңселер жұмыстарына рұқсат етіледі", - деп көрсетілген.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан