Ғалымжан Қойшыбаев вице-премьер қызметінде қалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Қойшыбаевты премьер-министрдің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы қызметіне тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Осылайша Ғалымжан Қойшыбаев бұған дейін атқарған қызметінде қалды.
Ғалымжан Қойшыбаев кім?
Еңбек жолында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде түрлі дипломатиялық қызмет атқарды. Кейін Президент Әкімшілігінде бас инспектор, Сыртқы істер министрлігінде ерекше тапсырмалар жөніндегі елші болды.
2008-2016 жылдары Қазақстанның Литва, Латвия, Эстония және Финляндиядағы елшісі қызметтерін атқарды. 2016-2019 жылдары сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
2019 жылы премьер-министр Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ал 2023 жылдан бері премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді.
Су жаңа Құрылтай қалай жұмыс істейді және заң қалай қабылданады