Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдызай Дүйсенбиева: Күйеуімді 30 жасымда әрең тапқанмын, енді тастап кетем десе де жібермеймін

Жұлдызай Дүйсенбиева жолдасын көпшілікке көрсете бермейді. Тіпті бірге түскен суреттерін де жария етпейді. Күйеуім үшін ұялмаймын, керісінше мақтана аламын дейді актриса. Жұлдызай ханым отбасынан бөлек шығармашылық жаңалықтарын айтты. 

Бұл туралы OYBAY SHOW бағдарламасында айтылды. 

Жұлдызай Дүйсенбиева көмекшісі екеуі желіде вайн түсіріп жүр. Көрермені де аз емес. Бастапқыда ермек ретінде қарағанымен, қазір тұрақты жұмыс ретінде қарайды. Вайн түсіруге Айнұр Тұрсынбаева түрткі болды дейді Жұлдызай.

"Вайн түсіруді карантин уақытында қолға алдық. Мен 2019 жылы өнерден кететінімді мәлімдедім. Маған Айнұр Тұрсынбаева "неге вайн түсірмейсің?" деді. Мен ұялатынымды айттым. "Сенің вайн түсіруге ұялғаның - Айнұр Тұрсынбаева айтысқа шығуға ұялады дегенмен бірдей" деді. "Вайн түсіріп көр, басқа формат таңда" деді. Бір ай ойланып, көмекшім екеуміз қолға алдық. Сөйтіп түсіргеннен үш ай қатарынан түсіріп жатырмыз. Көрерменнен де жақсы тілектер келіп жатыр. 


Жұлдызай: Нұржан маған ауыр сөз айтты, театрдан сол үшін кеттім


 

Театрда жұмыс істемеймін. Еш жерде тәуелді жұмыс істемеймін. Балалар театрым бар, жарнама жасаймын. Инстаграмнан табыс табамын. Бірақ ол өз жөнімен кетеді. Табысты үйге жолдасым әкеледі. Үй иесінің табысын табыс деп санаймын", - деді ол. 

Жұлдызай ханым жолдасын көпшілікке жария ете бермейді. Бұл оның өз қалауы дейді.

"Жолдасым танымалдыққа ұмтылған жан емес. Өзін көрсеткенді ұнатпайды. Қонаққа барғанды ұнатпайды. Менің де мінезім сондай. Өзінің желіде жүргенін қаламайды. Мен оның таңдауын, құқығын сыйлаймын. Күйеуім көрсетуге ұялатын адам емес. Керісінше мақтануыма болады. Ондай күйеу ешкімде жоқ. Мені күйеуімен ажырасып кетті, өтірік жасырып жүр деп ойлайтындар да бар шығар. Бірақ мен өзім 30 жасымда әрең тапқан жолдасымды тастап кетем десе де жібермеймін", - деді актриса. 

Жұлдызай ханым саясатқа араласқысы жоқ. Үкіметтен 42500 теңге жәрдемақы алмаған, алуға өтініш те бермепті. 

"Мен саясатты жақсы білмеймін. Сондықтан саясат жайлы, билік жайлы айта алмаймын. Жәрдемақы да сұрамаймын. Менен мұқтаж жандар алсын. Мен керемет бай емеспін. Бірақ өз ақшам өзіме жетеді. Өзіме ұнайтын кәсібім бар, бизнесім бар. Құдайға шүкір деймін", - деді ол. 

Актриса өзінің екі жұртын тең ұстайтын келін екенін айтты. 

"Мен теңдікті жақсы көремін. Анама хабарлассам, енеме де хабарласамын. Өз үйіме пирог пісірсем, қайын жұртыма да торт беріп жіберем. Солай өзімді тәрбиелеймін. Бірақ енемнің аяғын жуып, қайын жұртта күні-түні қызмет етіп жүрмін деп айта алмаймын. Бөлек тұрамыз", - деді ол. 

Талқылау