Жылан аулағыштан қорыққан кобра ұрлап бара жатқан жұмыртқаны құсып жіберді (видео)
Үндістанда үй иелері ас үйден кобра көріп жылан аулағыштарды шақырған. Ал өзін аулауға келген адамдардан қорыққан кобра, ұрлап бара жатқан бірнеше жұмыртқаны құсып жіберген.
Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға елдің оңтүстігіндегі Чикмагалур қаласының маңындағы ауылдардың бірінде орын алды. Үнді кобрасы бір үйдің ас бөлмесіне кіріп, бірнеше тауық жұмыртқасын ұрлаған. Азық іздеген кобра өзін байқап қалғанын сезіп, ауладағы тас тақтайдың астына жасырынбақшы болған. Дегенмен, үй иесінің шақыртуымен келген жылан аулаушы оны ілмекпен іліп, шығарып алды.
Кобра алғашында жылан аулаушыға шабуыл жасамақшы болып, кейін үркіп аузындағы тамағын құсып жіберді. Сол кезде жылан аулаушы кобраны ұстап, жақын маңдағы орманға жіберген.
Айта кетейік, үнді кобрасы немесе жылан Үндістанда «шеберлердің билері» қойылымында қолданылады. Оның уы өте қауіпті. Бір грамм жыланның уында 140 итті өлтіретін күш бар.
Жіберіп алмаңыз:
Желіде ханзада Гарридің қалыңдығының жалаңаштанған суреттері жарияланды
Балабақша тәрбиешісінің 1 жасар қызды аяусыз ұрғаны видеоға түсіп қалды (видео)
Цирк әртісі АҚШ-тағы қойылым кезінде биіктіктен құлап, қайтыс болды
Сарапшылар Android-смартфондардан ақша ұрлай алатын вирустан сақтануды ескертті