Жүсіп Ақшора немерелі болды
Танымал актер, Қазақстанның мәдениет қайраткері Жүсіп Ақшора немерелі болды. Актердің Ақан есімді ұлының ұлы дүниеге келді, деп жазады Stan.kz.

Бұл қуанышымен Жүсіп мырза өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
"Ал немерелі болдық. Құттықтап қойсаңыздар болады", – деп жазды ол.
14-ші қыркүйек күні туған сәбиге Альтайыр деп есім берілді. Актер кеше отбасымен бірге келіні мен немересін перзентханадан шығарып алды.
"Жыл жаңалығы": Иманбек Ресейлік GQ журналының жүлдесін жеңіп алды
Айта кетейік, Жүсіп Ақшораның 4 перзенті бар. Актер отбасы туралы көп айта бермейді. Тек 2017 жылы Айжан есімді қызын ұзатқаны белгілі. Бұдан өзге, Жүсіп Ақшора балаларының ішінде тек біреуінің өнерге жақын болғанын, оның өзі кейіннен бұл саланы тастап кеткенін айтқан еді.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын